From Wikipedia, the free encyclopedia
Кезқұйрық шымшық (лат. Aegithalos caudatus) – ұзынқұйрықты шымшықтар тұқымдасына жататын құс. Еуропаның, Кіші Азия мен Иранның жалпақжапырақты және аралас ормандарында таралған. Қазақстанда Жайық өзенінің аңғарында, Орталық Қазақстанның ормандарында мекендейді. Денесінің ұзындығы 150 – 170 мм, құйрығының ұзындығы 88 – 107 мм, салмағы 9 г-дай. Басы мен бауыры ақ түсті, арқасы қара, екі бүйірінде қызғылт жолақтары болады. Қанаттары негізінен қара түсті. Тұмсығы конус тәрізді. Наурыздың аяғы сәуірдің басында көбейеді. Негізінен қайың, сирек тал, емен ағаштарына ұя салады. Ұясының сыртын қарағайдың инесімен, өсімдіктердің түгімен қаптап, ішіне құс қауырсындарын төсейді. Ұяға 10 – 12 қызылдақты аппақ жұмыртқа салып, оларды 12 – 13 күндей шайқайды. Жұмыртқаларын екеулеп 15 – 16 тәулік қоректендіреді. Оңтүстік өңірлерде маусымда екінші рет жұмыртқа басады. Кезқұйрық шымшықтар негізінен теңқанаттылармен (өсімдік биті, тағы басқа), ал жұмыртқалары мен жұлдызқұрттары көбелектермен қоректенеді. Ормандағы зиянды көбелектердің жұмыртқалары мен жұлдызқұрттарын және кейбір ұсақ жәндіктерді жеп пайда келтіреді.[2]
Кезқұйрық шымшық | ||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Амандық күйі | ||||||||||||||
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||
| ||||||||||||||
Екі-есімді атауы | ||||||||||||||
Aegithalos caudatus (Linnaeus, 1758) |
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.